«Үшқоңыр» әні Мәскеудің Кремль сарайында шырқалады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ресей астанасындағы Кремль сарайында қазақстандық әншілердің қатысуымен Ресей мен Татарстанның халық әртісі Ренат Ибрагимовтың мерейтойлық концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концертте Роза Рымбаева мен танымал әнші Ержан Нұрғалиев және Ренат Ибрагимов триосы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін шырқайтыны белгілі болды.

Сондай-ақ, «По морю жизни» деп аталатын автобиографиялық кітап желісінің негізінде дайындалған мерекелік бағдарламаға әйгілі әншінің алыс және шақын шетелдегі достары мен әріптестері қатысады

Олардың арасында Александра Пахмутова, Марат Башаров, Ольга Кабо, Евгений Воскресенский, Роза Рымбаева, Анатолий Ярмоленко («Сябры»), Фарух Закиров («Ялла»), Дина Гарипова, Мари Карне, Маргарита Позоян, Ержан Нұрғалиев, Ксана Сергиенко, «Тенора ХХI века» ұжымы, Kazan World және басқа да көптеген әншілер бар.

Жуырда аталған концертке қатысушылар ерекше құттықтау жасады. Әншілердің барлығы қосылып Ренат Ибрагимовтың алғашқы «Наш город» әнін орындаған еді.

Ауқымды концерт  бүгін кешке Кремль сарайында өтеді. Ән кешін Татарстан Республикасының камералық хоры мен РФ ФҚҚ Орталық шекара ансамблі сүйемелдейді.