ҰШҚҰ жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне арналған келісім талқыланды

None
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат-  Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында сенаторлар «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының қалыптастырылу және жұмыс істеу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Құжат палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған келісім БҰҰ Жарғысы бойынша өз міндеттеріне БҰҰ  Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қатаң сәйкестікте әрекет ете отырып, халықаралық құқықтық жалпыға танылған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін қолайлы және тұрақты жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл ретте келісім Тараптардың қауіпсіздігі мен егемендігі, аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді де қарастырады. Құжат 2010 жылдың 10 желтоқсанында Мәскеу қаласында жасалған.

Бұл ретте заң жобасы коалициялық және өңірлік әскери топтамаларын, біріктірілген әскери жүйелерінің топтамаларын бітімгершілік күштеріне қоса отырып негізгі қағидаттарды қамтитын болады. Ал осы шеңбердегі келісімнің мақсаты бір немесе бірнеше Тарапқа қатысты қарулы шабуылға (агрессияға), сондай-ақ басқа да қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге барабар ден қоюды қамтамасыз ететін ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды қабылдау болып табылады.

Келісімге сәйкес ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің әлемге төнген қауіп-қатерлерді болғызбау және жою, соғыстар мен әскери жанжалдарды оқшаулау, Тараптарға қарсы шабуылдардан бірлесе қорғану секілді жағдайларда - Тараптардың ұлттық және ұжымдық мүдделерін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз ету мақсаты көзделеді.