Ұшқыш Александр Аношкин Елбасының қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды

АСТАНА. Желтоқсанның 16-сы. ҚазАқпарат - Тікұшақ эскадрильясы авиациялық звеносының ұшқыш-операторы, аға лейтенант Александр Аношкин жауынгерлік және қызметтік борышын адал атқарғаны және ерлігі үшін Елбасының қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды.

Бұл туралы Қорғаныс  министрлігінің баспасөз қызметінен   хабарлады.

 Ағымдағы жылы  маусымның 17-сінде   майор  Асқар  Қарамергеновтың басшылығындағы     экипаж   Ми-24 тікұшағымен      ұшу  жаттығуын     орындап  жатады.   Жерге  қонар  кезде    тікұшақ   экипаж командирі  мен борт -  техник  отырған   оң жақ бортпен  құлап,  өртке оранған.     

 Тікұшақ құлағаннан кейін лейтенант Александр Аношкин жедел қимылдап, әріптестерін жанып жатқан әуе көлігінен алып шыққан. 24 жасар ұшқыш-оператор байсалдылық пен кәсібилік танытқан.