ҚазАқпарат ҚР «Әділет» (www.adilet.minjust.kz ) нормативтік-құқық актілерінің мәліметтер базасы сайтында жарияланған құжаттың мәтінін ұсынады.
«Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 31 бабы,1 тармағына сәйкес, ҚР Үкіметі қаулы етеді:
1. Айымбетов Айдын Ақанұлына Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілсін.
2. Бұл қаулы құжатқа қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.
Ұшқыш Айдын Айымбетов пен ұшқыш-сынаушы Мұхтар Аймаханов 2009 жылы халықаралық экипаж құрамында халықаралық ғарыш стансасына ұшуы үшін Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында әзірліктен өтті. Алайда Қазақстан тарапы қаржылық қиыншылықтарға байланысты бұл ұшыруды кейінге қалдырды.