Әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеде екінші пилоттың қанынан ішімдік табылып, тесттен өтпей қалды.
«Қазір ішкі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз мұндай әрекетке рұқсат бермейміз әрі зерттеу нәтижелерінің қорытындысы шыққан соң, қызметкерге қатысты шара қолданамыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - деді әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінен.