Ұшқыш SMS оқимын деп, ұшақтың шассиін шығаруды ұмытып кеткен

АСТАНА. 21 сәуiр. ҚазАқпарат - Австралиялық Jetstar  авиакомпаниясының ұшқышы ұшақты қондырар кезде  ұялы телефонына  келген  хабарламаны оқимын деп, ұшақтың шассиін уақытында  шығаруды ұмытып кеткен.

2010  жылдың мамыр айында Сингапур әуежайында  болған оқиғаны зерттей келе, сарапшылар  Airbus A320 әуе кемесі  жерден  150 метр биіктікте  қона алмай қайтадан  шұғыл көкке көтерілуіне байланысты осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды  Утро.ru агенттігі.

Төтенше жағдайды жан-жақты тексерген комиссия, екінші ұшқыш қонуға дайындала бастаған кезде ұшақ командирінің ұялы телефонына смс хабарламасы келген. Телефондағы келген хабарламаны оқимын деп ол екінші ұшқыштың ескертпесін естімеген, жердегі диспетчердің де нұсқауларын елемеген. Кейінірек капитан  келген хабарламаны оқиын деп емес, ұялы телефонын уақытында өшіруді ұмытып кетіп, соны сөндіремін деп көңілі алаңдап қалғанын жеткізді. Абырой болғанда, ұшақ екінші рет жерге сәтті қонды.