Оны қорғанның бас мұнарасындағы бесінші қабат шатырынан күзет қызметкерлері тапты.
Жапония полициясы аппаратты кім іске қосқанын анықтауға тырысуда.
Тамыздың соңында Жапония парламенті ел қалаларының халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшқышсыз аппаратты ұшыруға тыйым салған авиация туралы заңға түзетулерді мақұлдаған болатын.
Заңды қатаңдатуға сәуір айының соңында орын алған оқиға себеп болған.
Ол кезде дрон Токио орталығындағы Жапония премьер-министрі резиденциясының шатырына қонған еді.
Құлааған аппаратқа түтіндеу құтысы мен «Фукусима-1» АЭС апатты аймағынан әлсіз радиоактивті құммен пластикалық шиша бекітілген.