Ұшқышсыз ұшақ әлемдегі ең биік сарқыраманы түсірді
13:40, 06 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube-де әлемдегі ең биік - Анхель сарқырамасы түсірілген видео пайда болды. Ол Венесуэлада орналасқан, биіктігі 979 метрді құрайды. Түсірілімді ұшқышсыз ұшақ жүзеге асырды.
Желіге видеоны түсірген Фредди Вергарой.
Анхель сарқырамасын XX ғасырдың басында зерттеуші Эрнесто Санчес Ла Крус ашты, алайда ол 1933 жылы америкалық ұшқыш Джеймс Эйнджел ұшырылымынан кейін кеңінен танылды. Сарқырамаға атау Эйнджелдің құрметіне берілді, деп жазады rosbalt.ru.