— Үшінші күн қатарынан ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Жұмыстың ұзаққа созылуының себебі — ірі габаритті жүк арнайы техниканы пайдалануды қажет етеді, — делінген хабарламада.
Оқиғаның салдарын жою жұмысы жалғасып жатыр.
— Жүргізушілерден жолдың осы учаскесінде қозғалыс ерекшеліктерін ескеріп, барынша сақ болуды сұраймыз, — делінген ҚазАвтожол хабарламасында.
Айта кетелік Машат асуында жүк көлігі жол апатына ұшырап, Тараз — Шымкент трассасын жауып тастағаны туралы жазған едік.