АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды.
Бұл жарысты Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырды. Оған Азия мен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 9 ушу спортшы алып барды. Нәтижесінде 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.
Ел құрамасынан Бексұлтан Қоскенов (65 келі) чемпион атанса, Дияр Хамраев (90 келі) және Ислам Иминов (48 келі) күміс жүлдегер болды.
Сондай-ақ Карим Иминжанов (56 келі), Нұрислам Авутов (52 келі), Расул Тұрғанжанов (75 келі), Юлтуз Юлдашева (60 келі), Карина Исмаилова (75 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Ұлттық құрама жарысты жалпы есепте 6-орында аяқтады.
Еске салсақ, Қазақстан ерлер құрамасы таэквондодан әлем кубогында қола алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.