Рейтингті британдық Sunday Times басылымы жариялады, деп хабарлайды Утро.ру.
Ұлыбританияның ең бай адамдарының тізімін сегізінші жыл қатарынан үндістандық «болат құюшы» магнат Лакшми Миттал бастап тұр, оның дәулеті 12,7 млрд. фунт стерлингке бағаланады. Металлургияда табыс тауып жүрген келесі бизнесмен, «Арсенал» футбол клубының акционері болып табылатын - ресейлік Алишер Усманов. Оның жиған-тергені 12,3 млрд. фунт стерлингке бағалануда. 2012 жылы Bloomberg агенттігі оны Ресейдің ең бай адамы деп таныды. Ал 9,5 млрд. фунт стерлинг байлығы бар мұнай магнаты және «Челсидің» иесі Роман Абрамович, 2011 жылы дәулеті 800 млн. фунтқа азайғанына қарамастан бұл тізімде үшінші орында тұр.