Успен аудандық газетінің 75 жылдығы атап өтілді
07:45, 25 Маусым 2010
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат/Вера Ливинцова/ - «Сельские будни» Успен аудандық газеті 75 жылдығын атап өтті. Осы жылдар бойы аудандық газеттің журналистері ауыл адамдарына жаңалықтар жеткізіп, аймақтағы жағдай, шаруа жетістіктерін, мал шаруашылығы ұжымдарының тәжірибесі туралы хабардар етіп келді.
Газет беттеріне мемлекеттік органдардың жетекшілері, дәрігерлер, мұғалімдер сұхбат береді.