Ресей ІІМ Кемерово облысы бойынша ББ баспасөз қызметінен хабарлағандай, жұма күні Междуреченск бойынша ІІМ бөліміне төбелес жайында хабар түскен. Аталған мекен-жайға шұғыл жеткен полиция жасағы осыған дейін бірнеше рет істі болған 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тәртіп бұзушы полиция бөліміне жеткізіліп, ұсталған адамдарға арналған камераға қамалған. Көп уақыт өтпей, полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы ер адамның өзінің спорт шалбарына асылмаққа әрекеттеніп жатқанын көрген.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамды құтқармақ болды, алайда бірқатар уақыт өткеннен кейін ол жан тапсырды.