Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы Әділет министрін ұстағаны белгілі болды. Kazinform агенттігінің дереккөзі хабарлағандай, ұсталған азамат бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев болуы мүмкін.
Антикордың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған.
Ведомствоның мәліметінше, ол талап етілмеген қызметтерді көрсетуге жыл сайын келісімшарт жасасу арқылы кейбір компаниялардың мүддесін қолдаған. Тиісінше, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.