Уэбб Бруклиннің федералды сотынан шамамен 20 миль (32 километр) жерде болуы тиіс. Оның жүріс-тұрысын арнайы электрондық құрылғы бақылайтын болады.
Сотта ол бопсалаумен және пара алумен айналысқанын мойындаған жоқ. Прокуратура Джеффри Уэббті 24 жылда шамамен 150 миллион доллар пара алды деп айыптап отыр.
Джеффри Уэбб алғашқы болып ұсталған ФИФА шенеуніктерінің бірі: ол 27 мамырда Цюрихте қолға түскен. 16 шілдеде АҚШ-қа экстрадицияланды.