Ұсталған күдікті полиция итінің құлағын тістеп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ұсталған күдікті полиция итінің басы мен құлақ тұсына жармасып, тістеп алды.

The Mirror мәліметінше, күдікті азамат полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, соңында Тео есімді овчарканы бас салып, жануарды тепкілей бастаған. Видеожазбада көрсетілгендей, полиция қызметкерлері біраз уақыт бойы ызаға булыққан күдіктіні иттен ажыратуға әрекеттенді. Осы уақытта екінші ұсталған азамат қаскүнемге иттің құлағынан тістеуге шақырған.

Екіжақты тартыс жеті минуттай уақытқа созылды. Ұсталған жігіт тарапынан жасалған қатігездікке қарамастан, итке мал дәрігерінің көмегі қажет болған жоқ.

Тео біраз жарақат алды, ол төрт күн бойы орнынан тұра алмай жатты, - дейді полицейлер.