Білім басқармасы аталған комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне барлық шағым фактілері бойынша тексеру жүргізу үшін өтініш жасады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин Фейсбук парақшасында хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қоғам белсендісі Ақмарал Омаралинова елордалық № 67 мектеп-гимазиясы директорының заңды белден басу әрекетіне қарсылық білдірген ұстаздардың пікірі туралы әлеуметтік желіде жазба қалдырған болатын.