АСТАНА. KAZINFORM – Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Feeder халықаралық турнирінде отандасымыз Кирилл Герасименко 1/8 финалға жолдама алды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде жалпы есебі 232 спортшы бақ сынап жатыр. Олардың ішінде әлемдік рейтингіде ТОП-50 қатарына енетін 12 атлет бар.
Одан бөлек, аталған турнирде Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова сынға түсіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия чемпионатында төрелік ететінін жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.