Үстел теннисі: Гузель жаңа маусымда TТС Wiener Neudorf клубында өнер көрсетеді
17:43, 08 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Гузель Торшаева Аустрия Бундеслигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, келісімшартқа сәйкес, спортшы 2025-2026 жылдар арасындағы маусымын TТС Wiener Neudorf (Нойдорф) клубында өткізеді.
Гузель Торшаева – командалық есептегі Қазақстан чемпионы және Қазақстан Республикасы VI Жастар спорт ойындарының жүлдегері.
Еске сала кетейік, осыған дейін 23-26 шілде аралығында Алматы қаласында WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтетінін хабарлаған едік.