Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыстар Астана, Алматы, Ақтөбе және Павлодарда ұйымдастырылады.
Медаль үшін 6 лига командалары бақ сынайды:
- Суперлига (Павлодар, 12 команда)
- Екінші лига (Астана, 12 команда)
- Үшінші лига (Астана, 12 команда)
- Төртінші лига (Алматы, 12 команда)
- Бесінші лига (Алматы, 12 команда)
- Алтыншы лига (Ақтөбе, 16 команда).
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада үстел теннисінен Hopes Week & Challenge іріктеу турнирі өтетінін хабарлаған едік.