Үстел теннисі: Қазақстандық төреші Мысырда өтетін ірі турнирде төрелік етеді

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық төреші Гүлназ Жалалдин WTT Youth Contender Cairo турнирінің төрешілер құрамына қосылды, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

- Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) және Бүкіләлемдік үстел теннисі ұйымының (WTT) Төрешілер комитеті халықаралық санаттағы төреші Гүлназ Жалалдинді 2025 жылғы WTT Youth Contender Cairo турнирінің төрешілер құрамына қосты, - делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Жарыс биылғы жылдың 29 қазанынан 1 қарашасына дейін Мысырда өтеді.

Гүлназ 2024 жылы Астанадағы Азия чемпионатында, сондай-ақ WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025, WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025 және Central Asian Regional Qualification Tournament for 2026 World Team Table Tennis Championships додаларында көрсеткен тәжірибесі мен жетістіктеріне қарай іріктелді.

Бұған дейін қазақстандық жас теннисші Латвиядағы турнирде үздік шыққан еді.