Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Франциядағы турнирге қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Монпельедегі WTT Champions  (Франция) турниріне қатысады, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Фото: olympic.kz

Беделді жарыс 22-27 қазан күндері өтпек.

Қатысушылар қатарында Уго Кальдерано (Бразилия), Лян Цзинкунь (Қытай), Лин Шидун (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Линь Гоаюань (Қытай), Томокази Харимото (Жапония), Лин Юн-Джу (Тайбэй), Данг Цю (Германия), Патрик Франциска (Германия), Трулс Морегард (Швеция) секілді танымал спортшылар бар.

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өткенін жазған болатынбыз.