ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған сынға Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова қатысып жатыр. Өкінішке қарай, Лаврова алғашқы кездесуде жасөспірімдер Олимпиадасы мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, румыниялық Андрея Драгоманға 3:4 есебімен жол берді.
Ал Ақашева бірінші матчта Панамерика ойындарының чемпионы, Пуэрто-Рико өкілі Даниеля Риосты 4:1 есебімен жеңді. 1/32 финалда Зәуреш жұптық сындағы Токио Олимпиадасының чемпионы, жапондық Ито Мимамен кездеседі.