Бапкерлер құрамы мен федерация басшылығының ұсынысы бойынша Ұлттық құрамаға бас бапкер ретінде Эльмира Кайырқызы Әлиеваның кандидатурасы ұсынылып мақұлданды.
Ұлттық құраманың аға бапкері болып Переверзев Дмитрий Владимирович, ал жастар құрамасының аға бапкері болып Самат Асқарұлы Бейсенов тағайындалды.
Жасөспірімдер және кадеттер құрамасының аға бапкерлігіне Тимченко Евгений Анатольевич тағайындалды.
«Маған осындай сенім артып отырғаны үшін федерациямыздың Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына және әріптестеріме үлкен алғыс айтқым келеді. Соңғы уақыттарда федерация басшылығына Қасым-Жомарт Тоқаев келгелі керемет өзгерістер болып жатқанын білесіздер. Бірнеше өңірде үстел теннисіне арналған залдар ашылды, ескі залдар жөндеуден өтті. Өте сапалы үстелдер мен ракеткалар өңірлерге федерация тарапынан сатып алынып жөнелтілді. Осы жұмыстарды ескере келе, біз алға қойылған тапсырмаларды уақытылы орындап жанкүйерлер сенімін ақтауға барымызды саламыз дегім келеді», - Эльмира Әлиева.