ПАЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда өткен үстел теннисінен командалық Қазақстан ашық чемпионатының үшінші айналымында «Қарағанды» клубынан Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Вадим Ярошенко, Евгений Груздов, жаттықтырушы Игорь Рубцов жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қарағандылықтар 9 матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал жарыстың соңғы күні «Sarkan» (Талдықорған) командасындағы басты қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті.
Қазіргі уақытта «Қарағанды» - бірінші, «Sarkan» - екінші, «Шолақ-Терек» - (Қостанай облысы) үшінші орында тұр.
Үздік үштіктен кейін «Sigma» (Шымкент), «Karven» (Қырғызстан), Павлодар, «Қарағанды-3» КНТ, «Қазаэронавигация» (Астана), «Масаншы жолбарыстары», СК «Хван Ман-Гым» (Өзбекстан).
Соңғы тур желтоқсан айының ортасында өтеді.
Фото: olympic.kz
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.