Ерлер арасындағы финалдық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Ақтөбе облысы командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Үшінші орынды Қарағанды облысы иеленді.
Әйелдер арасында Қарағанды облысының құрамасы Шымкент спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орын ШҚО командасына бұйырды.