Үстел теннисінен АЧ: Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді

Фото: Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер командасы астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында жартылай финалға жете алмады.

Ширек финалда, Қазақстан құрамасы Үндістан спортшылармен шеберлік байқасты.

Кирилл Герасименко екі ойында жеңіліс тапса, Алан Құрманғалиев ел құрамасына бір жеңіс сыйлады. Ал Айдос Кенжеғұлов қарсыласына есе жіберіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Үндістанға жол беріп, жартылай финалдан тыс қалды. Алайда, отандық спортшылар енді 5-8 орындар үшін бақ сынайды.

Еске сала кетсек, үстел теннисінен Азия чемпионаты 7 қазан күні астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында жалауын көтерді. Турнирде 26 елден келген 210 спортшы бақ сынап жатыр.

Қазақстан құрамасы бұған дейін Сауд арабиясын 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалдан көрінген болатын.