Үстел теннисінен АЧ: Қытай ерлер құрамасы чемпион атанды
22:33, 10 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионатында ерелер арасындағы командалық бәсеке өз мәресіне жетті.
Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен қытайлық Тайбэй құрамасы өзара мықтыны анықтады.
Қытай ерлер құрамасы қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал жартылай финалда жеңілген Үндістан мен Оңтүстік корея құрамасы қола медаль иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде Жапония жеңімпаз атанса, Қытай құрамасы екінші орын иеленді.