Ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы екінші топта Солтүстік Корея және Пәкістанмен шеберлік байқасты.
Алғашқы сайыста отандастарымыз Солтүстік Кореяны 3:2 есебімен қапы қалдырды. Кирилл Герасименко екі ойында да жеңіске жетсе, шешуші матчта Алан Құрманғалиев жеңіске жетті.
Пәкістанмен сайыста, Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбанов қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы бірінші дивизионға жолдама алды.
Бүгін, Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясымен финалдық сегіздікке кіру үшін сайысқа түседі.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы бірінші дивизиондағы алғашқы сайысында Таиландты 3:1 есебімен жеңді.
Еске сала кетсек, үстел теннисінен Азия чемпионаты 7 қазан күні астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында жалауын көтерді. Турнирде 26 елден келген 210 спортшы бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы ойыншлары: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт, Ангелина Романовская.