АСТАНА. KAZINFORM - Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.
Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда 7-орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.
Айта кетелік, аталған турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.