Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық маманның төрешілер құрамына енгені туралы Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қазақстан үстел теннисі федерациясына ресми түрде хабарлаған.
Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында қызмет атқарады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов Германиядағы жарысты сәтті бастады.