Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Ливандағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Ливанда өткен үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Фото: olympic.kz.

Отандасымыз финалға дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. Олардың арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері грекиялық Гьонис Панайотис, командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Сатиян Гнанасекарян да болды.