Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарысқа Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қатар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония құрамалары қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиевтің үстел теннисінен Қытайдағы турнирде қола жүлде алғанын жазған едік.