Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусымда республика аумағынан шығарылған өнімдердің бағасы арзан болды - Статистика

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009 жылдың қаңтар-маусым айларында сыртқы саудаға шыққан өнімдердің бағасы арзан болды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Мәселен, үстіміздегі жылғы маусым айында республика аймағынан экспортқа шыққан тауарлардың құны 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 18 пайызға, Қазақстанға импортталғандар - 4,3 пайызға төмендеген.

2009 жылдың бірінші тоқсанында экспорттық жеткізілімдердің бағасы - қара металлға - 35,7 пайызға, көмірге - 30,6, мұнайға - 17,4, оны қайта өңдейтін өнімдерге -10,8 және түсті металдарға - 5,1 пайызға төмен болса, бағалы металдарға - 31,2 және мырышқа - 9,1 пайызға қымбат болды. Осы уақытта сондай-ақ, бидай - 27,7 пайызға, мақта - 11,2-ге, күріш - 6,3-ке және жүн - 6,9 пайызға қымбаттады.

Импорттық жеткізілімдер ішінде - былғарыға, болат пен пластмассадан жасалған бұйымдарға баға - 26,4 пайызға, ағашқа - 25,4 пайызға, бояулар мен сырларға - 25,2-ге және қағазға - 13,1 пайызға арзан болды. Ал фармацевтикалық өнімдер - 27,3 пайызға, кофе - 9,6 пайызға, шәй - 1,8 пайызға және қант - 1,4 пайызға керісінше қымбат келді.