«2013 жылғы бюджетті нақтылау барысында Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында, гербицидтерді субсидиялау үшін бұрын бөлінген 1,0 млрд теңгенің орнына қаржыны 19,1 млрд теңгеге дейін көбейтуге бағытталған «Облыстардың бюджеттері мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер» бюджеттік тапсырысын енгізу жоспарлануда. Яғни, 2013 жылдың өзінде біз гербицидтерді субсидиялауға бөлінетін қаржыны 19 есе арттырамыз», - деді М.Өмірияев.
Үстіміздегі жылы алғаш рет отандық қана емес, шетелдерде өндірілген гербицидтер де субсидияланады. Бұл жағдайда диқандарға тыңайтқыштар мен гербицидтерді отандық зауыттардан арзан бағаға сатып алуды, мұнда субсидияны зауыт алады, сондай-ақ, - субсидия соңғы тұтынушы - дихандарға төленетін шетелдік тыңайтқыштар мен гербицидтерді жаңа тетік бойынша сатып алуларды таңдау мүмкіндігі беріледі.
Сөйтіп, отандық өнімді сатып алған жағдайда субсидия нормасы оның құнының 50% дейін, шетелдікі - 30 % дейін болады.
Енгізілген өзгерістерге шеңберінде вице-министр жергілікті атқару органдарының басшыларына субсидияланатын дақылдардың, тыңыйтқыштар мен гербицидтердің басым түрлері мен оларды субсидиялаудың нормаларын бекіту жөніндегі қаулылардың жобаларын АШМ-ға келісуге ұсынуды, сондай-ақ, зауыттарға минералды тыңайтқыштарды алушылардың тізімін ұсынуды тапсырды.