Үстірт қорығында қабылан фототұзаққа ілікті

АСТАНА. KAZINFORM — Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында аса сирек кездесетін қабылан фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Ведомствоның мәліметінше, бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді. 

— Жыртқыштың наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түскені анықталды. Қазіргі таңда қорық қызметкерлері қабыланның қозғалысын бақылауды жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Бұған дейін сирек кездесетін құстың балапандарын тамақтандыру сәті фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.