Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлер тәртібінің стандарттары екіге жіктелген: базалық және ахуалдық. Базалық стандарттар мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық тұрпатына негізгі талаптарды бекітуге және олардың жүріс-тұрысының векторын айқындауға бағытталған.
«Жалпы стандарттарға қабылданған шешімдердің заңдылығын, әділдік пен ашықтықтығын қамтамасыз ету, қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін кәсіби деңгейді арттыру, жеке мәселелерді шешу тұрғысында қызметтік лауазымын пайдалануға тыйым салу, іскерлік әдеп пен ресми жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қамтылған. Өз кезегінде Кодекс мемлекеттік қызметкерлерге үнемі көрсетілетін мемлекетік қызметтердің сапасын арттыру талабын қояды», - деді вице-министр.
Сауалнама нәтижесіне қарағанда, мемлекеттік қызметтер сапасына халықтың көңілі толуының деңгейі 80 пайызды құрап отыр. Жалпы Кодекс қызметкерлердің жүріс-тұрысы мәдениеті, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениеті талаптарын бекітті.
Вице-министрдің сөзінше, жыл сайын ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасы жақсарып келеді. Бұған жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі дәлел болуда.