Ведомство мәліметінше, жұмыс тобының құрамына Парламенті депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, Сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Сонымен қатар, топ құрамына петицияның бастамашысы, сондай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.
14:27, 04 Маусым 2024
Утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобына кімдер кірді
АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.