2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі. «ӨКМ Операторы» ЖШС функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді.
11:04, 03 Ақпан 2022
Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды — Үкімет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жасыл Даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлады.