"Утомленные солнцем-2" фильмінің түсірілімінде 40-қа жуық адам зардап шекті

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат -  Кеше Таганрог   бұғазында   аяқталған  "Утомленные солнцем-2"  фильмінің түсірілімінде   40-қа жуық  адам  суға түсу кезінде,  тоңазып қалған.

Ресейдің  Ростов  облысы  бойынша  төтенше жағдайлар жөніндегі  департаментінің сайтында  жария етілген   ақпаратқа  сүйенсек,  фильмнің    адамдар    үстеріндегі киімдерімен   жаппай  суға түсіп жүзетін эпизодында       тоңазып  қалып,    көмек   сұрай  бастаған 39 адам құтқарылған.      Бірақ,  фильм әкімшісі    кино түсіру  барысында  ондай ешқандай   оқиға  болмағанын      мәлім етіп  отыр,  деп   хабарлайды РСН агенттігі.