Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану - тыйым салынған гербицидтер мен пестицидтерді пайдаланудың әсерінен жердің күйзеліске ұшырауы, немесе жер мүлдем пайдаланылмай арамшөптерге толып кетуі.
Ресми дереккөздің мәліметінше, бүгінде әкімдіктер жанында жерді ұтымды пайдалануды бақылау бойынша арнайы ұйым - жер инспекциялары бар. Оның басты қызметі жерді дұрыс және ұтымды пайдалануды бақылау.
Бұзушылық орын алған жағдайды анықтау барысында, оны жіберген тұлғаларға әкімшілік тараптан шаралар қолданылып, жерді қайтарып алуға дейін барылады.
17:18, 01 Мамыр 2016
Ұтымды пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарып алынады
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ұтымды пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарып алынады.