Сондай-ақ, жағажайдағы күрестен әлем кубогі кезеңі де Ресейде өткізілмейді.
Әзірге турнирді қабылдайтын қала нақтылану үстінде. Сербияның Белград қаласында 2023 жылғы әлем чемпионаты өтуі тиіс болған. Алайда, қазіргі жағдайға байланысты Белград Красноряк қаласының орнына чемпионатты қабылдайды. Ал 2023 жылғы дода қайтадан Ресейге ауысады.
«Біз CAS шешімі мен WADA ұстанымын сыйлаймыз, сол себепті, жарысты өткізу кестесін қайта қарадық», - дейді UWW президенті Ненад Лалович.
Айта кетелік, 2023 жылғы әлем чемпионатында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады.