Біріккен күрес әлемі (UWW) қазақстандық грек-рим күресінің шебері Сұлтан Әсетұлын қазан айының үздік балуаны деп атады, деп хабарлайды Kazinform.
Сұлтан Әсетұлы (67 келі) жақында Албания астанасы Тиранада Олимпиада бағдарламасына енгізілген күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.
Жамбыл облысында дүниеге келген балуан дүбірлі додада финалға дейін украиналық Олег Халилов, италиялық Стив Момилиа, ресейлік Муслим Имадаев, әзербайжандық Хасан Маммадлиді қапы қалдырды.
Ол финалда түркиялық Мұстафа Йылдырымды 2:1 есебімен жеңді. Осылайша Сұлтан Әсетұлы 23 жасқа дейінгі санатта қазақстандық балуандар арасында тұңғыш əлем чемпионы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.