Бұл жайында «Daily Mail» ақпарат көзі хабар таратты. Мәселен, Гита есімді Хоксе тұрғынының айтуынша, туысқаны оны бүйрегін сатуға көндірген. Осы мақсатта ол Үндістанның оңтүстігіне аттанып, адам ағзаларымен заңсыз сауда қызып тұрған жерге келеді. Бүйректі алу отасы жарты сағатқа созылған, осыдан кейін Непал тұрғыны үш апта емханадан шыққан жоқ. Ол екі мың долларға Хокседен жер телімін сатып алып, тек шатыры мен берзенттен тұратын үй тұрғызып алды. Адам ағзасымен сауда жасайтындар осындай мұқтаж кедей аудандарға келіп, жұртты ақшамен қызықтырып, ағзаларын сатуға үгіттейді. Британдық тілшілердің жазуынша, билік тарапы бұған көзжұмбайлық танытып отыр, деп жазады islam.kz.