Ол өзінің жабық пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған. 1944 жылы туған әйелге Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 3 қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, еденде жатқан әжейді тапты, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ТЖМ.
Бұған дейін Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталып, 729 баспанаға жөндеу жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.