Уы жыланнан 15 есе күшті қарақұрт шаққанда ішімдік іше көрмеңіз

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат  - Қарақұрт -  өте улы, да­­лалы, шөл-шөлейтті жерлерде ме­кен­дей­ді. Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті.

Қарақұрт - өрмекші тәріздес жән­дік. Ұрғашысының үлкендігі 1,5-2 см, еркегі 1 см шамасында. Құрсағы дөңгелек пішін­ді, қара түсті. Арқасында қызыл дақ­тары болады. Қарақұрт шаққанда орны қат­ты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауы­рады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күр­­меледі, құсады, терлейді, санды­рақ­тай­ды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін,-дейді Санитарлық-эпи­демиологиялық сараптама және мо­ни­торинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК мамандары.

Удың таралуының алдын алу үшін уды сорып тастап, шаққан жерін сіріңкемен қүйдіру (шаққан бетте) керек.
- Қарақұрт шаққанда ішімдік ішпеңіз. Ішімдік пен у қосылады да нерв жүйесіне әсер етіп, адам естен танады. Мұндай «кок­тейл» адамның тыныс алуын ауыр­латып, адам өліп кетуі мүмкін. Сондықтан зардап шеккен адам­ды тез арада медициналық мекемеге жет­кізу керек.