«Тексеріс нәтижесі бойынша ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы №246 қаулысымен бекітілген Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды сақтау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін «Кселл» АҚ-ға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 494-1 бабының 4 бөлігіне сәйкес 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды»,-делінген ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінде.
Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы тарапынан «Аспан Телеком» ЖШС-нде тексеріс жүргізілді. Шараның нәтижесінде абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау жүйесінің деректерін бергендігінің торапта болмауына байланысты аталған Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқа байланыс операторларына байланысты тексеру шаралары жалғастырылуда. Ол тексерістер ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның соңына қарай аяқталады.