Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы жылғы бірінші тоқсанның әлеуметтік экономикалық қорытындыны баяндау кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін есеп беріп отырған кезеңде пошта және курьерлік қызмет 5 пайызға, байланыс қызметтері 4,5 пайызға өсті»,-деді министр.
Ж. Айтжанованың сөзіне қарағанда, байланыс қызметі көлемінің өсуі ұялы байланыс қызметі табысының 11,8 пайызға артуына байланысты болып отыр. Атап айтқанда, ұялы қызметі жалпы байланыс қызметі үлесінің 54,3 пайызын құрайды.
Сонымен бірге, биылғы бірінші тоқсанда жүк тасымалдау көлемі былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 13,3 пайызға ұлғайды. Көліктегі көлемнің өсуі негізінен жолаушылар тасымалы деңгейінің 12,1 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жүк тасымалы 2,5 пайызға артты.