Олалдыңғы үлгілерге қарағанда деректерді екі есе жоғары мобильді интернет үшін бұрын-соңды болмаған жылдамдықты қамтамасыз етеді.
«Үшінші буындағы 3G желісін құрғалы әлі бір жыл да өткен жоқ. Біз абоненттерімізді кең жолақты мобильді интернетті пайдалануға арналған бірқатар тарифтермен, қызметтермен және өнімдермен қуантып үлгердік. Мысалы құны трафиктің 1 мегабайты үшін 35 ретке дейін төмендетілген «Мобильді интернет плюс», қалған трафик көлемін ойламауға мүмкіндік беретін «Лимитсіз интернет», Opera Mini мен Nokia арқылы «Шектеусіз браузинг», Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілеріне тегін қолжеткізім сияқты тағы басқа да тарифтік опцияларын енгіздік», - дейді GSM Қазақстан/Kcell Бас атқарушы директоры Вейсел Арал.