деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл оқиғадан Beeline сырт қала алмады. Компанияда күтпеген апаттан зардап шеккен ауыл тұрғындарына арнап киім-кешек, азық-түлік және гигиениялық заттарды жинау басталды. Сонымен қатар Қызылағаш ауылының тұрғындарының басым бөлігі оралмандар екенін білгеннен кейін оларды туыстарымен байланыстыру үшін байланыспен қамтамасыз еттік. Біздің қызметкерлер зардап шеккендер орналастырылған ауруханалар мен жатақханаларға барып, оларды әлемнің кез-келген нүктесімен байланысуға мүмкіндік берді. Біз енді арнайы ашылған 911 қысқа нөміріне жүрегінде жылуы бар әрбір азамат күтпеген апат зардабын жоюға өз үлесін қосады деп үміттенеміз» дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетинг жөніндегі дирекция директоры Айнұр Әбжанова. Оның сөізне қарағанда, аккцияға қатысуға ынталылық білдірген Beeline-ның әрбір абоненті 911 қысқа нөміріне шексіз СМС-хабарламасын жібере алады. Бір хабарламаның құны - 100 теңге тұрады. Акциядан түскен барлық қаражат Алматы облысының мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апатты және күтпеген апаттың алдын алу және жою басқармасының есеп-шотына аударылады.